25.11.2015, 18:57
Оқылды: 16

«Қадыр, Қайрат, Фариза» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Kadir ortaligi   Сейсенбі күні Орал қаласын­дағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Қадыр, Қайрат, Фариза» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Аталмыш кеш қара сөздің қа­рагері Қадыр ақын туралы бейнеролик көрсетумен бас­талды. Онда ақынның көзі тірісінде өзі­нің оқыған өлең­дерінен үзінді көрсетіліп, ес­теліктер айтылды.


Армат Исламғалиев, Жас­ке­­лең Ғайсағалиев, Ақмарал Ахмето­ва сияқты әншілер Қадыр ақын­ның сөзіне жа­зылған әндерді на­қышына келтіре орындады. Шаһа­ры­мыздағы №5 жалпы білім бе­ретін мектептің және М. Өтемісов атындағы сауықтыру мектеп-ин­тернатының оқу­шы­­лары әдемі әуеннің ырға­ғында ақындардың өлең­де­рін оқып, көрермен қо­шеметіне бөленді. Қанатты жырдың қыраны Қайрат Жұмағалиевтың «Анашым» әні Мұратжан Жол­баев­тың орындауында әдеби-сазды кештің шырайын кіргізді.

По­э­зия­ның падишасы атан­ған Фариза апамыздың сөзі­не жазылған әндер де көрер­меннің көңіл сарайынан орын тапты. Әсіресе, Мұқаға­лидың «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты әнін Фархат Оразов орындаған кезде тыңдаушылар қосыла қол соғып отырды.

www.zhaikpress.kz

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале