11.10.2015, 14:30
Оқылды: 18

Қадірлейік қарттарды

Shingirlau karttardi kadirledi  Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде үлкен шара өтті. Қарттар күніне арналған мерекелік дастарханға ауданымыздағы үйден әлеуметтік көмек алатын қариялар мен жалғызілікті жандар шақырылды. Жалпы ауданымызда  үйден әлеуметтік көмек алатын 130 адамға  33 қызметкер қарасады екен. Мерекелік шараны осы бөлімнің басшысы Айбек Сұлтанов құттықтау сөзімен ашып, «Нұр Отан» партиясы аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Бәйтенова, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Т.Кереев, «Ардагер» ҚБ төрағасы С.Сәмиев игі лебіздерін жеткізді. Ал үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің басшысы Н.Жұмағұлова осы күнмен мерейтойы тұспа-тұс келіп отырған еңбек ардагері Л.Язвинскаяны құттықтап, ескерткіш сыйлық табыс етті.

Қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысқан аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Әдемі әуен аясында қариялар дөңгелене би билеп, шара соңында шын көңілден шыққан алғыстарын жаудырды.

Қарттарды қуантқан бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ботанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале