14.07.2015, 20:32
Оқылды: 32

Қадірі асқан Қадір түнін зеленовтықтар қарсы алды

Zelenov kadir kyni akim    Қасиетті Қадір түнін Зеленов жұртшылығы аудандық орталық мешітте қарсы алды.

Аудан әкімі Кәрім Жақыповтың мұрындық болуымен ораза тұтқан жамағатқа арналып ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Азан шақырылып, ақшам намазы оқылған соң аудандық мешіт  имамы Фархат Өзбеков Қадір түнгі дұға-тілектердің шарапаты мен артықшылықтары туралы әңгімеледі. Әрі қарай әдемі әңгіме тізгінін аудан басшысы алып, шарада бас қосқан жамағатқа мерейі асқан айда аманшылық тіледі.

Бір-бірімізді шақырып, ибалықпен, имандылықпен, құшақтаса көрісіп, білгенімізді айтып, дұғамызды оқып, мешітімізді салып, өрісімізді кеңейтіп жатырмыз. Елдің бұл тыныштығы Елбасының арқасы - деген аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов өз сөзін жұртшылыққа жұмыстарының жемісті болуын айтып, әр шаңыраққа бақыт тіледі. Кең жайылған дастархан басында елдік, бірлік, еңбексүйгіштік жайы әңгіме арқауына айналып, өткен күндерге салауат, бүгінгіге қанағат айтылды.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

 Зеленов ауданы      

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале