24.06.2015, 20:37
Оқылды: 22

«ҚазАқпарат» агенттігінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Ғайсағали Сейтақ «Үздік сайт мақаласы» аталымы бойынша үшінші орынды иеленді

Gaisagalidin jenisi   Астанадағы «Тілеп қобыз сарайында» ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті жариялаған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаз-жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болды.

Байқау жеңімпаздарын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қазылар алқасының төрағасы, Сенат депутаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин құттықтады.

Аталмыш байқау төрт аталым бойынша қорытындыланды. Соның ішінде халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Ғайсағали Сейтақ «Үздік сайт мақаласы» аталымы бойынша үшінші орынды иеленді. Бұл жүлде оның «ҚазАқпарат» сайтында жарық көрген батысқазақстандық белгілі ғалымдармен мемлекеттік тіл, ономастика мәселелері жөніндегі сұхбаттары, сондай-ақ тілге қатысты жедел ақпараттары үшін берілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале