24.05.2016, 20:07
Оқылды: 27

Қазақстандық мазмұнды арттыруға ниетті

 KPO  ҚПО б.в. компаниясының өкілдері облыс әкімдігі қызметкерлерімен бірлесіп, семинар өткізді. Семинарға жергілікті кәсіпорын жетекшілерімен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер қатысты.

    Жиын барысында отандық кәсіпорын басшылары «Қарашығанақ өндірістік шектеулерді алу» жобасымен, ал ұйымдастырушы компания өкілдері қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетімен танысты.


    -Бұл семинар ҚПО б.в. компаниясының жаңа жобасын жүзеге асырар алдындағы дайындық іспетті. Кен орнында атқарылатын жұмыстарға қазақстандық компанияларды кеңінен тартуды мақсат еткен компания бүгін отандық кәсіпорын басшыларын жобамен таныстырды. Түс қайта өзіміз «Орал трансформатор зауыты», «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Батыс Қазақстан машина құру компаниясы» АҚ және ОралАгроРеммаш» АҚ секілді жергілікті компанияларға барып, олардың өнімдерімен таныспақпыз. Басқаша айтқанда, ҚПО б.в. компаниясының жобасын жүзеге асыруда қазақстандық қамту жағын есептемекпіз. Семинар барысында отандық кәсіпорын басшылары өздерінің аталмыш жобаға қатысу мүмкіндігін анықтайды. Яғни,  жергілікті кәсіпорын даярлайтын құрал-жабдықтардың қайсысын ұсынуға болатынын саралап, сараптайды. Бүгінгі семинарға  өңдеу өнеркәсібімен айналысатын қазақстандық 40 шақты кәсіпорын өкілі қатысып отыр.

    Негізі, ҚПО б.в. компаниясы – қазақстандық үлесті арттыруды тұңғыш болып қолға алған ірі компаниялардың бірі, әрі бірегейі. Әзірге тек біздің компания ғана өзінің  сайтында сатып алу жоспарын салып жүр, бұл - компания жұмысының ашықтығының бірден бір дәлелі. ҚПО б.в. компаниясы өткен жылы қазақстандық компанияларға 580 млн доллардан астам қаражат бөлді, бұл компанияның бүкіл төлемдерінің 49 пайызын құрайды.  Қазіргі таңда компания тізімінде 3700 қазақстандық кәсіпорын бар. Олардың барлығы да компания жобасын жүзеге асыру үшін тендерге қатысуда, -дейді ҚПО б.в. компаниясының қазақстандық қамту бойынша дамыту менеджері Бақытжан Досқазиев. Оның айтуынша, компания қазақстандық мазмұнды арттыруға ниетті.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале