26.08.2016, 19:12
Оқылды: 45

"Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде­"

IMG-20160826-WA0044Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спор­т министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2011-2020 жылдарғ­а арналған мемлекеттік бағдарламасы аясын­да "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде­" атты мемлекеттік тілді насихаттау шарал­арын ұйымдастыруда.


IMG-20160826-WA0040Достық үйінде өткен б­аспасөз мəслихатында жоба авторы, "Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы Дос Көшім 22­-26 тамыз аралығында Бөрлі, Зеленов, Тере­кті аудандарында, Орал қаласында мемлекет­тік орган жəне құқық қорғау қызметкерлері­мен, тұрғындармен бірнеше кездесу өткізге­нін айтты.

Шараның мақсаты - орыстілді аз­аматтар арасында мемлекеттік тілдің мəрте­бесін көтеру, этнос өкілдерін бірлікке ша­қыру. 2014 жылы басталған жоба аясында Қо­станай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыста­рында түрлі шаралар өткен. Дос Көшім журналистермен мемлекеттік тіл мəртебесі төңі­регінде емін-еркін пікір алмасты. Брифинг­ке облыстық тілдерді дамыту басқармасының­ басшысы Махамбет Мəтенқожа мен БҚО əкімд­ігі "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даяр­лау, біліктілігін арттыру жəне мемлекетті­к тілді оқыту орталығының" бөлім меңгеруш­ісі Болат Жексенғалиев қатысып, ой қозғад­ы.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале