6.09.2016, 19:29
Оқылды: 46

«Қазақстанның өткені сырлы, болашағы нұрлы» атты облыс тарихшыларымен дөңгелек үстел өтті

Sirim korme Akim  Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының конференция залында «Қазақстанның өткені сырлы, болашағы нұрлы» атты облыс тарихшыларымен дөңгелек үстелі өтті.

  Аталмыш шараға зиялы қауым өкілдері, облыс тарихшылары және еңбек ардагерлері сонымен қатар облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қатысты.


  «Орал қаласындағы Сырым ауданының мәдениет күндерімен құттықтай отырып, тарихымызды тағы да түгендеу мақсатында алқалы жиын өткізуді жоспарлаған едік. Өздеріңіз білетіндей Сырым елі тарихи тұлғаларға толы киелі мекен. Сырым батырдың туған жері және батыс Алаш орданың орналасқан жері екендігі, барша қазаққа мәлім. Алдағы жылы Сырым Датұлының туғанына 275 жыл, Жаһанша Досмұхамбетовтың туғанына 130 жыл, Батыс Алаш орданың құрылғанына 100 жыл толуына орай көптеген шараларды жоспарлап отырмыз. Алайда сіздер сияқты зиялы қауымның ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын тыңдасақ деген мақсатпен бастарыңызды қосып отырған жайымыз бар. Дөңгелек үстелге жиналып, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғысымды айтамын, -деді дөңгелек үстелді жүргізген аудан басшысы Абат Шыныбеков.

   Өлкетанушы Жайсаң Ақбай, зейнеткер Жолдығали Өтеев, зейнеткер ұстаз Ким Федянин сияқты ардагерлер тұшымды ойларымен бөлісті. Бүгінгі айтқан ұсыныстарыңыздың барлығыда хаттамаға тіркелетін болады. Сонымен қатар алдағы жылы атқарылатын игі істер сіздермен бірігіп жасайтын боламыз деді аудан басшысы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале