3.05.2016, 21:50
Оқылды: 32

«Қазақстан барысы» республикалық турнирдің облыстық іріктеу кезеңі өтті

barsy     Бүгін Орал қаласы Ә.Әйтиев көшесіндегі қалалық спорт залда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирдің облыстық іріктеу кезеңі өтті.


    Іріктеу кезеңіне 14 балуан қатысып, өз бақтарын сынады. Алдымен жарыстың ашылу салтанатында дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Азамат Бекет пен қазақ күресінен ҚР құрама командасының бас бапкері Жеңіс Диханбайұлы сөз алып балуандарға сәттілік тіледі. Белдесудің басталар сәтінде, спорт ардагері Қамеш Исмағұлов қазақ күресінің күртешесін киген балуандарға ақ батасын берді.

    Биылғы қазақ күресінен оздырылған облыстық кезеңінің жеңімпазы теректілік Олжас Сүлейменов жеңіп алды.

     Сондай-ақ 2-ші орын қаратөбелік Ерлан сержанға бұйырса, Бөрлі ауданынан келген Темірлан Көлбай 3-ші орынға табан тіреді.

www.zhaikpress.kz

Темірболат Токмамбетов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале