26.06.2015, 19:07
Оқылды: 27

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, марқұм Бақтығұл Ойшыбаевтың 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған Республикалық жабық бәйгенің қорытындысы жарияланды

Kemelbek aga01    Кәсіби мереке қарсаңында  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, марқұм Бақтығұл Ойшыбаевтың 75 жасқа толуына орай жазушының ұрпақтары барша қаламгерлерді, әсіресе, жастарды қолдау мақсатында проза жанрынан үздік шығармаларға республикалық жабық бәйге ұйымдастырған еді. Шығармаларды қорытындылауға Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева, филология ғылымдарының кандидаты, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы»  Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев және Бақтығұл Ойшыбаевтың ұлы Кемелбек Бақтығұлұлы, «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин шығып, байқау туралы өз ойларын білдіріп, жүлдегерлерді марапаттады.  Шарада Бақтығұл Ойшыбаевтың көзін көрген замандасы, ақын Ақұштап Бақтыгереева аналық алғысын  жеткізді.

Проза жанрынан өткен байқау қорытындысы бойынша III орынды алматылық Нұрлан Құмар мен астаналық Артур Мағзом жеңіп алса, II орынды республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп иеленді. Ал бас жүлдені Қытайда білім алып жүрген қазақ жігіті Есболат Айдабосынұлы мен «Үздік блоггер» аталымы бойынша бас жүлдені «Орал өңірі» газетінің бөлім меңгерушісі Нұрлыбек Рахманов жеңіп алды.

Салтанатты шара үстінде қаламгердің ұлы, танымал журналист Кемелбек Ойшыбаев осынау сөз байқауын қолдағаны үшін «Жайық Пресс» ЖШС басшылығына ризашылығын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале