23.10.2015, 13:09
Оқылды: 26

"Қазақстан-Заман" газетінің Оралдағы оқырмандарымен жүздесті

 

10294449_898064663614879_2030108988132461710_nХалықаралық қоғамдық-саяси "Қазақстан-Заман" газеті редакторының бірінші орынбасары Сəуле Мешітбайқызы Оралға келіп, оқырмандарымен жүздесті.

"Жайық Пресс" ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің төрағалығымен өткен кездесуге "Нұр Отан"партиясының БҚО филиалы төрағасының орынбасары Г. Құлжанова, мекемелер мен кəсіпорындардың қызметкерлері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жантас Набиоллаұлы Сəуле апайды жуырда ғана Елбасының қолынан алған "Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қоғам қайраткері" атағымен құттықтап, сөз кезегін қадірлі мейманға ұсынды.

12033071_1652972324950851_7585420792507451161_n"Батыс өңірдің мен үшін орны бөлек. Хан Жəңгірдің өмір сүрген мекенін көру, Махамбет пен Исатайдың рухты жырлары туған топырақты басуды бала кезімнен армандайтынмын. Сол арманыма 63 жасқа келгенде жеттім.

Ұзақ жылдар ұстаз болып, кейін "Қазақтелеком" АҚ-да жұмыс істеп, зейнетке шыққан соң, "Қазақстан-Заман" газетінің бас директоры Ахмет Аляз мырзаның өтінішімен 63 жасымда осы басылымның тізгінін қолыма алдым. Газет маған көп үнділігімен, алуан тақырыптылығымен, айдарларының көптігімен ұнады. Сондықтан жастарға айтарым, қандай да бір бастаманы қолға алу ешқашан кеш болмайды", - деді Сəуле Мешітбайқызы.

12049736_1652972341617516_8005826432801993371_nКездесу барысында «Дипломмен - ауылға!» жобасы бойынша елді мекендерге жіберілетін мұғалімдер мен дәрігерлердің қатарына мал дәрігерлері мен зоотехниктердің қосылуы аталмыш басылым көтерген бастаманың себеп болғандығы, оралмандар мәселесінің жиі әрі батыл көтерілуі, ауылшаруашылығын өркендету мәселесінің басты назарда екендігі, т.б. жөнінде кеңінен әңгіме болды.

Сонымен қатар басылым басшысы газет мазмұнын жақсарту, беделін көтеру мақсатында оқырмандар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ықыластана тыңдап, қойын дәптеріне түртіп алды.

                                                                                    www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале