24.02.2016, 19:33
Оқылды: 25

Қазақстан корабльдері француз зымырандарымен жабдықталуы ықтимал

Kazakstan korabli    ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов Орал қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында «Зенит» зауытында болып, қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.


«Әскери-теңіз күштері жалпы алғанда, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне ерекше көңіл бөледі. Жаңа қару-жарақты жеткізу мен сатып алу немесе ескіні жаңғырту туралы сөз болғанда онда бірінші кезекте біз қазақстандық кәсіпорындарымыздың мүмкіндіктерін қарастырамыз», - деді ол.

Соңғы жылдары қазақстандық кәсіпорындармен жұмыс жасау тәжірибесі оларға күрделі жұмыс қиындық туғызбайтынын көрсетті.  Оралға баруымдағы басты міндеттерімнің бірі ол кәсіпорындарымыздың әрі қарайғы мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады. ҚР ҚК ӘТК басшылығы «Зенит» оралдық зауыты,  MBDA компаниясы және ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы басшылығының өкілдерімен үш жақты кездесуді өткізді.

«5 жылдан аса қызмет атқарған, яғни, отандық кәсіпорында салынған  корабльдеріміздің жаңарту, сондай-ақ әрі қарай жаңғырту мүмкіндіктері және анағұрлым заманауи қару-жарақ түрін орнату мәселесі қаралды. Біз екі негізгі мәселені талқыладық. Бірінші - француз өндірісінің корабльге қарсы зымыранымен кораблімізді жаңғырту мүмкіндігі. Екінші - отандық кәсіпорында француз компаниясының технологиясын қодана отырып, жағалық зымыран кешендерін құру мүмкіндігі», - деп атап өтті ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы.

MBDA француз компаниясы корабльге қарсы зымырандарды шығаруда әлемдік көшбасшы болып табылады. Әлем елдерінің 40-50 %  осы компаниямен шығарған корабльге қарсы зымырандармен жабдықталған заманауи корабльдері бар.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале