5.10.2016, 15:48
Оқылды: 17

Қазақстан мен Ресей жолаушылар пойызын шекаралық бақылауды жүргізбей аялдамасыз өткізуге келісті

talgo  Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өңіраралық форумы аясында 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды деп хабарлайды, ҚР Инвистициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсы www.mid.gov.kz сайты.


  Құжатқа сәйкес тараптар РФ аумағындағы ҚР темір жол учаскелерінде және ҚР аумағындағы РФ темір жол учаскелерінде жолаушылар және жүк пойыздарының мемлекеттік шекара арқылы өтуін бақылау рәсімдерін жүргізбей, соның ішінде шекаралық бақылауды жүргізбей өткізуге келісті.

  Бұл, Қазақстан үшін аялдамасыз пойыздарды ұйымдастыру кезінде Батыс Қазақстан облысы мен орталық және оңтүстік өңірлер арасындағы жолаушылар тасымалының уақытын 10 сағаттан аса қысқартуға мүмкіндік береді.

  Бүгінде Орал қаласына баратын (57/58 Астана – Орал, 379/380 Алматы - Орал) пойыздары Жайсан (ҚР), Илецк (РФ) және Шыңғырлау (ҚР) станцияларында шекаралық бақылаудан өтетінін атап өтеміз, бұл жолаушыларға белгілі бір ыңғайсыздық тудырады.

  Сонымен қатар, қол қойылған құжат:

- темір жол станцияларын ашу және жабу, сондай-ақ теміржол көлігі инфрақұрылымына жалпы емес пайдалануға теміржолдарының жанасу;

-  ҚР аумағында орналасқан РФ темір жол учаскелері және РФ аумағында орналасқан ҚР темір жол учаскелері бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

  Қол қойылған Хаттама ратификацияланғаннан кейін Астана-Орал және Алматы-Орал қатынасындағы жүрдек жолаушылар пойыздары ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале