29.09.2016, 10:47
Оқылды: 29

"Қазақтың келіндері - ай!"

%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%80%d1%96-%d0%b0%d0%b9  Бөрлі ауданына қарасты әр ауылының ақылына көркі сай 21-30 аралығындағы жас келіндер арасында аталмыш аудандық байқау ұйымдастырылған болатын.


  Успен, Жаңаталап, Березов, Кеңтүбек, Қанай, Қарағанды, Қызылтал, Ақбұлақ, Бөрлі селолық округтерінен келген инабатты да, ибалы, тәрбиелі келіндері өзара сынға түсіп байқаудың төрт кезеңіне де жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.

   Байқаудын қорытынды бойынша "Үздік - үлгілі келін" атағын Успен ауылынын жас келіні Таңшолпан Ғизатулина иеленді. 1 жүлделі орынды Қызылталдық Бақытнұр келініміз алса, 2 орын Жаңаталаптан Бақытгүл мен Бөрлілік Эльмира келіндерге бұйырып, 3  орынды Ақбұлақтық Гүлсім мен Кентүбектік Анар келіндеріміз өзара бөлісті. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және түрлі құнды сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау барысында аудандық демалу орталығынан көркем жетекшісі Ж.Чүгірова аудандық мәдениет үйінің бас режиссёрі Ә.Молдағалиева және Успен ауылының ақжаулықты әжеміз Гүлзипа Ешкеева келіндерімізге шексіз ризашылықтарын білдірді.

  Бөрлі ауданы

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале