3.09.2015, 12:28
Оқылды: 21

Қазақ күресінен турнир

Janakala kazak kyresi    Жаңақала ауданында биылғы жылдың атаулы үш мерекесі - Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай спорттың үш түрінен дәстүрлі турнирлер оздырылды. Соның бірі жаңадан бой көтерген Сарыкөл елдімекеніндегі Абай атындағы мектеп ғимаратында мектеп оқушылары арасындақазақ күресінен аудандық турнир еді.

ҚР Президентінің жолдауы аясында бұқаралық спортты дамыту, ұлттық қазақ күресті бұқара арасында кеңінен дамыту, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, аудан құрама командасын жасақтауды мақсат тұтқан шараға ауылдық округтерден және аудандық спорт мектебінен 26-46 келі салмақта 40-қа жуық балуандар қатысып, бақтарын сынады. Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкен, ҚХА БҚО бойынша төрағасының орынбасары Ғ.Қапақов, аудан әкімі Л.Хайретдинов арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Кешке дейін боз кілемнің шаңын қаққандардың ішінде айласын асырып, қарсыласынан озғандары да, ебін таба алмай, байырғы қарсыласына ұпай жібергендері де болды. Турнирге қазақ күресінен жаттықтырушы А.Ишанов төрешілік етті.

Сайыс қорытындысында әр салмақ бойынша жеңімпаздарға кубок пен медальдар табысталып, ақшалай сыйлықтар берілді.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале