3.03.2016, 10:25
Оқылды: 29

«Қазақ халқына ғашықпын..,»

????????????????????????????????????

    Алғыс айту күніне орай Теректі аудандық Ардагерлер үйінде еңбек және тыл ардагерлері мен жастар кездесті.

«Қарттарым – асыл қазынам» атты шараға ардагерлер ұйымының төрағасы Сәлім Кукашев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұсағали Төлегенов, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ғұсман Қатабаев, еңбек ардагерлері Александр Попов пен Любовь Лымарева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамбек Жақсыбеков, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мирхат Ибраев  және жастар қатысты.


Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдеріқұтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына алғыс айту үшін жиналып, жас ұрпаққа бастан кешкен оқиғаларын баяндады.

  • Қазақ халқына ғашықпын. Өзімнің туған жерім – Тамбов губерниялық облысы. Соғыстан соң, барлық елдің жағдайы қиын болды. Мен сол жылдары Балтық елдерінде, Өзбекстан, Қырғызстанда болдым. Алайда, қазақтардан артық ешкімді таппадым. Нанның соңғы кесегіне дейін беретін жомарт, мейірбан, қонақжай жандарды бұрын-соңды көрмеп едім. «Айран», «нан» сияқты 3-4 сөз ғана білетін орыс баласын бөліп-жармай, өз ұлындай қараған әжеге әлі күнге таң қаламын. Ақтық демім таусылғанша Қазақстанда өмір сүретінімді нық сеніммен айта аламын. Келешек ұрпақ осындай қонақжай болса екен. Қазақтың салт-дәстүрін ұмытпай, керісінше жаңғыртса өте жақсы болар еді, - деді Александр Васильевич.

Любовь Алексеевна 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көршісі Қобыланбаевтар әулетінің көмегін әлі күнге дейін ұмытпайтынын айтты. Сонымен қатар анасы екеуінің алғаш рет бесбармақ пісірудікөрші апайы Хадишадан үйренгенінде жасырмады.

Ауданымыздың беделді азаматтары – Сәлім Асанұлы, Мұсағали Орынғалиұлы, Ғұсман Құттыбайұлы – бірлігімізді, қоршаған ортаны, дәстүрімізді сақтап, дәріптеуді жастарға аманаттады.

www.zhaikpress.kz

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале