16.11.2015, 19:05
Оқылды: 19

Қазақ халқының мәдени күні өтті

казах мадениети (3)   ҚазИИТУ ғылым-білім кешенінде қазақ халқының мәдениет күні ұйымдастырылды. Халықаралық  «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының бастауымен өткізілген шараға «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері мен студент жастар қатысты.


Қазақ халқының мәдени күндеріне арналған шара ең алдымен  қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтап, рухани құндылықтар мен қазақ тілін насихаттауды көздеді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, елімізде мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес. Алайда әлі де жетіліксіз.

Бүгінде өзге ұлт өкілдеріне арналған білім ошақтарында қазақ тілді балалар көп. Ал тәрбие тірегі  тілден бастау алады десек, ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болуы керек. Сондықтан «Қазақ тілі»  қоғамы облыстық филиалының өкілдері мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, мерейін өсіру,  ана тілге деген құрметті арттыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспарын жасақтаған.

- Қазіргі таңдағы бәсекелестік заманында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде толық мәртебесінде қолдану үшін ең алдымен жастарымыз ынталы болуы керек. Бірнеше жылдан бері осы бағытқа арналған іс-шараларды ұйымдастыруды жүйелі түрде қолға алып келеміз.  Ең әуелі мемлекеттік тілді білмей қай мемлекетте болсын өмір сүру мүмкін еместігін  сезінетіндей идеологиялық саясат керек деп ойлаймын. Осы бағытта біздер тілге байланысты жұмыстарды  алдымен  жастардан бастағымыз келіп отыр. Оның  ішінде мәдениетіміздегі  жалпыұлттық құндылықтар тек қана қазақ халқына емес,  Қазақстанда мекендейтін барлық ұлттарға ортақ болуы керек деп есептеймін.  Сондықтан да біздің төрімізде өткізіліп жатқан  әрбір ұлттың әрбір шарасы қазақ мәдениетінің шарасы, қазақ мәдениетін насихаттау мен қазақ мәдениетін дәріптеуге негізделген  шара  болуы қажет, - дейді «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев.

Ұлттың ұлт екенін танытатын – тіл.   Бүгінде елімізде халықтар достығы мен ұлтаралық келісімнің арқасында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өз ана тілдері мен  мәдениеттерін сақтауға барынша жағдай жасалуда. «Дегенмен ұлан-ғайыр қазақ даласын мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді қолдануға мүдделілігін арттырып, қазақтың қазақпен қазақша сөйлесуіне қол  жеткізудің маңызы айрықша», - дейді шараға қатысушылар.

- Қазақ тілініне ең алдымен үлкен құрмет керек. Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері жанұяда қазақша тәрбиеленіп,  қазақтың салт-дәстүрін  бойына сіңіріп өсулері қажет. Қазақ жерінде тұрып жатқандықтан, бейбіт күн үшін өзімізді бақытты санауға тиістіміз.  Бүгінгі күніміздің негізгі мәні осы ойды ұғындыруға бағытталған, - дейді шараны ұйымдастырушы, «Мечта Работа» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Райымбек Қойшекенов.

12248409_895190173864152_1721564144_o казах мадениети (3)

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале