28.10.2015, 18:48
Оқылды: 16

Қазақ хандығының тарихына арналған конференция

конференция 114Ұлы мереке - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Зеленов ауданында «Қазақ хандығының тарихы-қазақ мемлекеттілігінің тарихы» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мерейлі мерекеге арналған ғылыми конференцияға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Рысбеков, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры Мұрат Сдықов, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жаңабек Жақсығалиев, конференция 091М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Альфия Байболсынова, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен мұғалімдері, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, әйелдер кеңесі төрайымдары мен мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени бірлестік мүшелері қатысты.

Алдымен конференция қонақтары «Ұлы дала тарихы» атты көрмені тамашалады. Содан соң конференция меймандары мен қатысушыларды аудан әкімі Кәрім Жақыпов Ұлы мерекемен құттықтап, қош келдің айтқан соң сөз кезегі баяндамашыларға берілді.

Конференция соңында аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы Нұржан Дүзбатыров аудан көлемінде тарихымызды түгендеуде атқарылған жұмыстар төңірегінде баяндама жасады.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале