26.06.2015, 19:42
Оқылды: 15

«Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай фотобәйге ұйымдастырылды

Foto baikau    «Жайық Пресс» ЖШС-нің бастамасымен кәсіби мереке қарсаңында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай «Жарқыра, Жайық» атты фотобәйге ұйымдастырған еді. Бәйге қорытындысын жариялап, алғыс хаттарды «Baq.kz» ақпараттық агентігі директорының орынбасары, белгілі блогер Нұрсерік Жолбарыс табыс етті.  Ерсін Ермұқанов, Арайлым Кесекова, Медет Досымов, Темірболат Тоқмамбетов секілді фотоәуесқойлар әр түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

Мерекелік шара журналистердің қатысуымен ұйымдастырылған  концерттік бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ  аудандық газеттің тілшілері Бауыржан Ширмединұлы мен Әділет Орынбасаров  айтысқа шығып, кеш мерейін арттыра түсті.

                                      www.zhaikpress.kz

                                                        

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале