27.10.2015, 13:34
Оқылды: 101

«Қазақ хандығының 550 жыл: Мәңгілік ел – ата-бабамыздың асыл арманы» БАҚ-та қызмет атқаратын журналистер арасындағы облыстық эссе жазудан өткізілетін конкурстың Е Р Е Ж Е С І

 

ZH-350x35011. Жалпы түсініктер

1.1.   БАҚ өкілдері арасындағы «Қазақ хандығының 550: Мәңгілік ел – ата-бабамыздың асыл арманы» республикалық эссе жазудан өткізілетін конкурстың мақсаты (бұдан әрі - Конкурс) – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу, Тоныкөк абыз тасқа қашап, Асанқайғы армандаған, кешегі Алаш қайраткерлері өсиет еткен, бүгінгі қазақ ұрпағы жүзеге асыруға серт беріп,  бел буған «Мәңгілік ел» мұратын жас ұрпаққа насихаттау. Сонымен қатар батыр бабаларымыз бен қаһарман хандарымыздың ерлік істерін және елдің бірлігін даналығымен ұйытқан би-шешендеріміздің отансүйгіш өнегесін жастарға үлгі ету.

1.2.   Конкурстың ресми атауы – «БАҚ өкілдері арасындағы «Қазақ хандығының 550 жыл: Мәңгілік ел – ата-бабамыздың асыл арманы» эссе жазудан өткізілетін конкурс».

1.3. Конкурс ұйымдастырушысы – Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы (бұдан әрі–Ұйымдастырушы).

1.4.   Конкурстың қолдаушысы – «Жайық Пресс»  ЖШС

1.5.   Тартылған әділқазы алқасы – тиісті тәжірибесі бар журналистер, соның ішінде «Қазақстан Журналистер одағы» БҚО филиалының мүшелері. Әділқазы мүшелері Ұйымдастырушының шешімі бойынша анықталады.

1.6.   Конкурстық құжаттар – Конкурс қатысушысымен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырушыға ұсынылатын материалдар.

1.7.   Конкурстық комиссияКонкурстың лауреаттары мен жеңімпаздарын талқылау және анықтау мақсатында Ұйымдастырушы (1 адам), (4 адам) ұйымдастырушы бекіткен құрам(бұдан әрі – Комиссия). Комиссия мүшелерінің саны өзгертілуі мүмкін, бірақ қосқан кезде тұлғалардың тақ санын құрауы тиіс.

1.8.   Конкурс қатысушысы –ұйымдастырушыға конкурстық құжаттарды ұсынған тұлға.

1.9.   Конкурс лауреаты – Конкурс қатысушысы, Конкурстың қорытындысы бойынша 1, 2, 3 жүлделі орынға ие болған. Конкурс жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен сәйкесінше 1, 2, 3 дәрежелі Дипломдар табыс етіледі.

1.10. Конкурс лауреаттары мен жеңімпаздары Комиссия мүшелерінің қарапайым басым дауысымен анықталады.

1.11. Эссе үшін тақырып:

«Қазақ хандығына 550жыл : Мәңгілік ел – ата-бабамыздың асыл арманы»;

  1. Жалпы тарау

2.1. Конкурсқа 29 жасқа дейінгі БАҚ-та жұмыс істейтін жас журналистер қатыса алады

2.2. Конкурсқа қатысу үшін 1 қосымшаға  сәйкес өтініш, БАҚ өкілі екенін растайтын жұмыс орнынан анықтама, эссе, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін жіберу керек. Конкурстық өтінішті ресімдеу талаптары мен өтінішті қабылдау тәртібі 2 қосымшада  баяндалған.

2.4. Сыйлықтар мен сертификаттарды табыс ету ресми марапаттау рәсімінде өткізіледі.

  1. Конкурстың кезеңдері

І кезең – Конкурсқа қатысу үшін берілген құжаттары, сондай-ақ ұйымдастырушылар алдын ала хабарлаған тақырыпқа қазақ тілінде эссе негізінде жүргізіледі. Құжаттар мен эссені қабылдау мерзімі: 2015 жылғы 27 қазан – 20 қараша аралығы. 

II кезең – конкурс лауреаттары мен жүлдегерлердің аттары анықталады.

Мерзімі: алдын ала хабарланады.

Марапаттау рәсімі Орал қаласында өтеді.

3.3. Ұйымдастырушы осы Конкурстың қатысушылары бойынша қабылданған шешімдердің уәжі мен себептері туралы түсініктеме бермеу құқығын өздеріне қалдырады.

  1. Конкурс қатысушыларын іріктеу

4.1. Эссені бағалау критерийлері:

4.1.1. Жұмыс мазмұнының Конкурстың берілген тақырыбына сәйкес келуі;

4.1.2. Проблеманың мазмұнды, әрі нақты қойылуы;

4.1.3. Тақырыптың өзектілігін негіздеу және зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі;

4.1.4. Мазмұндаудың ғылыми стилі;

4.1.5. Жоба идеясының бірегейлігі;

4.1.6. Тәжірибе жүзінде енгізу перспективтілігі;

4.1.7. Материалды мазмұндаудың қисындылығы және жүйелілігі;

4.1.8. Әлеуметтік маңызы;

4.1.9. Материалдың ресімделуі.

  1. Қорытынды ережелер

5.1.     Комиссия қарауына келіп түскен эссе жұмыстары қайтарылмайды.

5.3      Ұйымдастырушы конкурс жеңімпаздарына өз сұхбаттарын, конкурс туралы пікірлерін БАҚ-та және өзінің ресми сайтында орналастыру мүмкіндігін береді.

1 қосымша

«Қазақ хандығына 550 жыл: Мәңгілік ел – ата-бабамыздың асыл арманы» облыстық эссе жазудан өткізілетін конкурсқа

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ  

Мені БАҚ өкілдері арасында  өткізілетін «Қазақ хандығына 550 жыл : Мәңгілік ел – ата-бабамыздың асыл арманы» конкурсының қатысушылары санына енгізуді сұраймын

 

 

Т.А.Ә:

 

 

________________________________________________

Тұратын қаласы: ________________________________________________
 

Жұмыс орны

 

________________________________________________

 

Поштаның мекенжайы:

 

________________________________________________

   
 

Телефон (үй):

 

________________________________________________

 

Телефон (ұялы):

 

________________________________________________

 

E-mail:

 

________________________________________________

 

Толтыру күні      :        ________________

 

Аталған өтінішке мыналар қоса беріледі: Жұмыс орнынан берілетін анықтама; эссе, құжаттар көшірмесі, жеке куәлік.

Мен осы ұсынылған Өтініште көрсетілген барлық ақпараттардың  шынайылығына, сенімділігіне және олардың Өтінішті берген сәтте өзекті болғандығын және Бұқаралық Ақпарат Құралдарында, ғаламтор желілерінде жарияланбағандығын, өзге адамдардың авторлық құқығы бұзылмағандығын растаймын.

Қолы_________________________

 2 қосымша

Конкурстық өтінішті ресімдеуге қойылатын талаптар 

 Конкурсқа қатысу өтініші (1 қосымша) конкурсқа қатысуға үміттенетін әлеуетті қатысушының осы тәртіппен қарастырылған талаптар және шарттармен келісімін көрсетудің үлгісі болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткермен ұсынылатын қатысу өтінішімен бірге БАҚ өкілі екенін растайтын анықтамамен (түпнұсқасы) қоса берілуі тиіс.

Осы Ережемен қарастырылған талаптар бұзылған жағдайда және эссе мазмұны Antiplagiat.ru  сайтында тексеруден өтіп, басқа ақпарат көздерінде жарияланғаны расталса, конкурсқа қатысу өтініштері, қабылдауға және тіркелуге жатпайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті және қатысу өтініші мен БАҚ өкілі екенін растайтын анықтамамен қоса ұсынылатын құжаттар:

- Эссе, Конкурс Ұйымдастырушысымен алдын ала берілген тақырыпқа жазылған, көлемі 2-5 беттен аспауы тиіс;

- Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлік, төлқұжат).

Эссе жұмысын жазу қарпі: Times New Roman, 14 кегль, бір шегеріммен. Жұмыс беттерін нөмірлеу және дәйектендіру міндетті түрде.

Конкурстық құжаттардың сканерленген көшірмелері 2015 жылғы 20 қарашаға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Достық-Дружба даңғылы 188, 2 қабат БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы. Электронды пошта: [email protected]

Анықтама үшін телефондар: факс: 8 (7112) 500-532; 24-72-26; 87025149201;

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале