29.09.2015, 10:04
Оқылды: 20

«Қазақ хандығы және баһадүр Бөкенбай батыр»

Shingirlau kazak handigi jane bahadyr bogenbai     Шыңғырлау аудандық  мәдениет  үйінде  «Қазақ  хандығы  және Баһадүр  Бөкенбай батыр» атты  ғылыми конференция өткізілді. Қазақ  тарихының  тамыры тереңде. Өскелең  ұрпақтың  бойына  патриоттық тәрбие  беруге мол  септігін тигізетін маңызды шара барша халықтың  көңілінен шықты. Алғашқы кезекте  конференцияға  қатынасушыларды аудан әкімі  Алдияр  Халелов  құттықтап, жұмысына  сәттілік тіледі.

Конференция жұмысында Ақтөбе  қаласынан келген Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік  мемлекеттік  университетінің профессоры , филология ғалымдарының докторы  Алпысбай  Мусаев, ақтөбелік ғалым, жерлесіміз , аталған университеттің  білім беру  педагогикасы және  психология  кафедрасы   профессоры  Айсұлу Тасимова, Тасмола орта  жалпы  білім беретін  мектептің директоры  Ерлан Айшуақов, аудандық  балалармен  мектептен тыс  жұмыс орталығының  директоры  Қуаныш Есенов  баяндама жасады.

Конференцияның заңды жалғасындай болып Бөкенбай  Қарабатыр ұлының  өмірінен түсірілген «Аққұмнан шыққан ақберен» атты деректі  фильмінің  тұсаукесері  жалғасты.

Жиналғандар батыр бабамыздың  өмір жолын   аудан өмірімен  шебер байланыстыра түсірілген  фильмді үлкен  ризашылық  сезіммен қабылдады.

www.zhaikpress.kz

    Адақ Шотпанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале