13.08.2015, 17:26
Оқылды: 47

Қазақ қызының сұлулығы - бұрымында

бурымдыларБойжеткендерге салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында Зеленов ауданының орталығында «Қазақ қызының сұлулығы бұрымында» атты ток-шоуы өтті.

Калинин кітапханасының меңгерушісі Ханшайым Орынбайқызының жетекшілігімен өткен бұл шараға қонақ ретінде аудандық мешіттің бас имамы Әзілхан Бисенғалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова, «Ақниет» әжелер тобының мүшесі Күмісханым Берекетова мен бұрымды аруларымыз қатысты.

Бас имам асыл дінімізде әйел баласына керек кезде және аздап қана шашын қиюына рұқсат екенін айтып, ер адамдардың шашына ұқсатып тым қысқа алмауды ескерген жөн десе, Ақкүміс Қапсикқызы шаш күтімі мен киесі туралы әңгімеледі. Кітапхананың тұрақты оқырмандары қазақ қыздары туралы сырлы өлеңдерден үзінделер оқыса, «Ақниет» әжелер тобы ән шырқады. Ток-шоуда одан әрмен халқымыздағы қыз тәрбиесі мен ырым-тыйымдар хақында әңгіме өрбіді. Шара ұлттық дәстүріміз бойынша батамен қорытындыланды.

www.zhaikpress.kz

Динара ТІЛЕКҚЫЗЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале