20.11.2015, 17:27
Оқылды: 62

«Қазсушар»-да жаңа басшы

Kazsushar   Облысымызға іссапармен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары Бақытжан Кемелбеков «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалына жаңа басшы тағайындады. 


     Осы күннен бастап аталмыш мекеменің басшысы болып бекітілген Нұрболат Жұмағалиев 1966 жылдың 14 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданына қарасты Ақоба ауылында дүниеге келген. Ол Х. Халиуллин атындағы орта мектепті 1983 жылы бітіргеннен кейін Жамбыл қаласындағы гидромелиоративтік-құрылыс институтына оқуға түсіп, оны 1988 жылы инженер-гидротехник мамандығы бойынша аяқтады.  Алғашқы еңбек жолын Жәнібек ауданында бастаған ол 1988 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жәнібек суландыру жүйесінің сорғы стансасының инженері болып  жұмыс істеді. 1996 жылы Жәнібек суландыру жүйесінің бастығы қызметін атқарады. 2002 жылдан бастап «Батыссушар» РМК Жәнібек пайдалану учаскесінің бастығы болып жұмыс істеген Нұрболат Жұмағалиев 2010 жылы «Батыссушар» РМК директоры орынбасары лауазымына ауыстырылды. 2015 жылғы 9 қарашадан бастап  «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының директоры.

   Нұрболат Жұмағалиев қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, тәуелсіз еліне адал еңбек етуінің нәтижесінде аудандық мәслихаттың депутаттығына үш мәрте сайланды. Су шаруашылығы саласында 27 жыл  бойы үздіксіз қызмет еткен  ол шаруашылық мәселелеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, олардың оң шешілуіне өз үлесін қосып келеді. Нұрболат Жұмағалиев – екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған үлгілі жанұяның басшысы. 

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале