24.02.2016, 19:41
Оқылды: 23

Қазталовта алғыс айту күні аясында қайырымдылық шаралар өтуде

 Kaztalov algis aitu kyni  Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметтің орнығуы.
Осы шара негізінде аудан әкімінің қаулысымен ауданымызда 24 шара белгіленіп отыр. Соның 6 қайырымдылық шарасы болса, ал, 5 әр түрлі бағыттағы акциялар. Сондай-ақ осы қайырымдылық шарасы аясында аудандық орталықтандырылған ауруханада ашық есік күндері белгіленіп отыр.


Осы орайда 22 ақпан күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық ішкі саясат, аудандық орталықтандырылған кітапхана, аналар кеңесі, аудандық мәдениет, тілдері дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімі, жастар ресурстық орталығы, жастар кеңесі бірлесіп аудан орталығында тұрып жатқан мүмкіндігі шектеулі жандардың шаңырағында болды.

Сондай-ақ алғаш рет бастау алған алғыс айту күні аясында өткізілген қайырымдылық шарасына кәсіпкеріміз Райхан Қажимова өз үлесін қосып, көмек қолын созды.

Біз Ғалия Сейітқалиева анамыздың шаңырағына бас сұғып кіргенімізде, ол кісі көзіне еріксіз жас алып, осындай қуаныш пен мейірім сыйлап жатқан жандарға ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар Айбатша Енғанова, Ақболат Ғазизжанов пен Зоя Балдахова, Нығметолла Еслямов, Сағындық Сұлтангереев, Еңдігүл Қонысова, Рузия Көпболсынова, Жәрдем Ақаев т.б мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы отбасылардың үйлеріне барып, әннен шашу шашып, хал-жағдайларымен бөлісті.

Тыл ардагері, 95 жастағы әже Гүлзайда Меденова, -Айналайын, ұл-қыздарым! Осындай бейбіт әрі тыныш елде өмір сүріп жатқан сендер бақыттысыздар. Жұмақтың мекенінде жүрсіздер. Егеменді ел болып, еңсемізді көтергеніміздің өзі бір бақыт. Қайда жүрсеңіздер де аман жүріңіздер, -деген аналық ақ тілегін жеткізді.

Қайырымдылық керуенінің басы-қасыңда болған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныстарын, ой-пікірлерін тыңдап, қандай да болмасын мәселелерді арнайы орындармен шешілетінін айтып, кәсіпкер Райхан Қажимоваға ризашылығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале