24.11.2016, 12:07
Оқылды: 20

Қазталовта балалар тәттілерін дайындайтын дәмхана ашылды

img_7141Бүгінде балаларға арналған тәттілердің неше түрлісі бар. Мәселе олардың қайда және қалай дайындалатынында. Ауыл халқы балаларға арнайы тағам ұсынатын дәмхананың болуын армандап жүр едік. Соның орнын кәсіпкер Лаура Латыпова толтырды.


Кәсіпкер үкіметтен қайтарымсыз несие ұтып алып, «Қуаныш және оның тәттілері» атты дәмхана ашты. Оған тәттілер жасайтын арнайы құралдар алынған.

-Дәмханамызда балалар өздерінің туған күндерін өткізуде. Туған күнін атап өткен бүлдіршінге дәмхана атынан торт сыйлаймыз. Басқа да жеңілдіктер жасаймыз. Балалар басқа уақыттарда да келіп, қалаған тәттілерін сатып ала алады. Бағасы да қалтаға салмақ салмайды. Балалардың ойнайтын бөлмесін де жабдықтадық,-дейді Лаура бізбен әңгімесінде.

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

            www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале