20.07.2015, 19:53
Оқылды: 27

Қазталовта жаяу туризм жарысы өтті

Kaztalovka turizm      17-18 шілде күндері Қошанкөл ауылындағы "Алау" лагері базасында Қазақ хандығының 550 жылдығына, Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай жаяу туризмі техникасын дамыту мақсатында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 100 нақты қадамда айтылған туризмнің кластерін дамыту мақсатында ауданымызда мекеме, кәсіпорын арасында алғаш рет жаяу туризм жарысы өткізілді.

Жарыс екі күнге созылды. Әр округтен келген  командалар  3 тур бойынша сайысқа түсіп, жеңіс жолында бар күштерін  аянып қалмады.

Нәтижесінде «Балық аулау» кезеңі бойынша 1 орын Қараоба ауылдық округі, 2 орын Қошанкөл ауылдық округі, 3 орын Мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімі, «Техникалық қашықтық» кезеңінде 1 орын  Мәдениет тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімі, 2 орын Қараоба ауылдық округі, 3 орын Қошанкөл ауылдық округі, «Спорттық бағдарлау» бойынша 1 орын Жалпақтал ауылдық округі, 2 орын Қошанкөл ауылдық округі, 3 орын Мәдениет тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімі командалары иеленсе, басқа да қатысушыларға  жарысқа белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Жалпы командалық есеп бойынша  жүлделі 1 орынды Мәдениет тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімі, 2 орын Қараоба ауылдық округі, 3 орын Қошанкөл ауылдық округі иеленіп, команда мүшелері медальдар мен кубокпен   марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале