25.10.2016, 10:42
Оқылды: 22

Қазталовта «Жолда қабылдау» акциясы оздырылды

%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2%d1%82%d0%b0-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0-%d2%9b%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%83-%d0%b0%d0%ba%d1%86%d0%b8%d1%8f%d1%81%d1%8b   «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының ұйымдастыруымен республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүзеге асып отырған «Жолда қабылдау» акциясының негізгі мақсаты - тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ауылішілік және тас жолдардағы көлік жолдарындағы жол қауіпсіздігінің алдын-алу.


         Аталмыш акция аясында 22 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов пен әкімшілік полиция  қызметкері аудан тұрғындарымен қоса аудан орталығындағы аутокөлік жүргізушілерін тоқтатып, түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында қабылдау жасады.

         Акция барысында тұрғындар мен аутокөлік жүргізушілер тарапынан түскен шағымдарға тиісті жауаптар қайтарылып, айтылған ұсыныстары жазып алынды.

         Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту, құқық қорғау органдарының әкімшілік полициясының қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Жолда қабылдау» акциясы аясында азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті кеңестер мен заң аясында түсінік жұмыстары жүргізіле бермек.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале