25.08.2016, 20:52
Оқылды: 17

Қазталовта мұғалімдердің тамыз кеңесі өтті

 казталов МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ  Қазталов аудандық мәдениет үйінде «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында Қазталов ауданының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.

  Тамыз кеңесінде алдымен Қазталов аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова аудандағы білім саласындағы жетістіктер мен оқушылардың қолөнер туындылары қойылған көрмемен танысты.


   Кеңесте «Білімді ел – мәңгі ел» баяндамасы бойынша Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, Ғ.Беғалиев атындағы орта мектебінің директоры Ернар Ілиясов, Қазталов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлайым Өтегенова, жас ұстаз Тоғжан Қабошева, «Арай» балабақшасының меңгерушісі Орынай Кенжеғалиева, жеке кәсіпкер Асыл Кенжеғалиева жарыссөзге қатысты.

  Тамыз кеңесіне қатысушыларды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап, жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жете беруіне тілегін жеткізді.

   Тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева сөз сөйлеп, облыста білім беру саласындағы атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып өтті.

   Тамыз кеңесінде білім беру саласында биік көрсеткіштерге жеткен бір топ ұстаздарға республикалық, облыстық және аудандық марапаттаулар салтанатты түрде табыс етілді.

     Сондай-ақ Бразилияда өткен "РИО-2016" жазғы олимпиадасының чемпионы, жерлесіміз Данияр Елеусіновтің ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап жолдаған бейнекөрінісі де көрсетілді.

Кеңес соңы мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале