12.02.2016, 15:29
Оқылды: 19

Қазталовта «Тәуелсіздік тұғырым» атты фестиваль шымылдығын ашты

Kaztalov festival shigarmashiligi   Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты фестиваль шымылдығы 11 ақпан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде Қазталов аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтару және спорт бөлімі, аудандық орталықтандырылған кітапхана, ішкі саясат, мемлекеттік кірістер басқармасы, жастар кеңесі, аудандық экономика және қаржы бөлімі, мұрағат бөлімі, «Ауыл айнасы» газеті редакциясы мекемелерінің біріккен концертімен ашылды.


Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің  орынбасары Зәйлім  Мәжитова, - өнер фестивалі жыл бойына өтетінін айта келіп, аудан тұрғындарын  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын толайым табыстармен қарсылауға тілегін жеткізді. Сонымен қатар фестиваль эстафетасын  табыстады.

Фестиваль шымылдығы тарихи көрініспен басталды. Тамаша! Әр саланың қызметкерлері өлеңмен, ән-бимен, көркемсөзбен көрермендерін қуанышқа бөледі. Домбыра үні залды кернеді. «Вальс каролінің» әнімен жастар «Ақжайыққа» «қайықпен» тыңдармандарын апарғандай болды...

Мекеме басшылары Самал Жангереева, Досжан Ахметов, Гүлдана Дәулетова көрермен болып отырмай, өнерлерін ортаға салулары мемқызметшінің шынайы болмысын көрсетті деп білеміз.

Ал, кітапхана қызметкері Әсет Рахимов күні бүгін драма театрына жолдама беруге болатындай өнерлі екен.

Концертке қатысушылардың ішінде ағайынды Шоқпановтар ауданымызда тағы бір өнер буыны келе жатқанын байқатты.

Фестиваль эстафетасы келесі мекемелер ұжымына табысталды.

         www.zhaikpress.kz

Серік Жұмағалиев

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале