4.10.2016, 11:27
Оқылды: 30

Қазталовта «Қамқор» орталығы ашылды

%d2%9b%d0%b0%d0%bc%d2%9b%d0%be%d1%80-%d0%be%d1%80%d1%82%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b-%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b  Елбасы арнаулы әлеуметтік қызметтердің баламалы үлгісімен жұмыс істеуді тапсырған болатын. Күні бүгінге дейін осы бағытта арнаулы қызмет көрсетуге жеке секторларды тарту жұмысы жүруде.


  Осы орайда 3 қазан күні аудан орталығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен "Қазталов" қоғамдық ұйымымен келісім шартқа отырып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психневрологиялық ауруы бар мүгедектерге қызмет көрсететін "Қамқор" орталығы ашылды.

  Орталықта 18 жасқа дейін және 18 жастан асқан адамдарға арналған екі кабинет жұмыс жасайды. Орталық қызмет алушыларға күндізгі жартылай стационарлық түрде 4 сағаттық қызмет түрі көрсетіледі. Арнайы мамандар мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жасайтын орталықта жұмыс кестесіне сай арнаулы 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсету жолға қойылған.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале