25.07.2016, 10:53
Оқылды: 14

Қазталовтықтар Жалпақталдың төрінде

ҚАЗТАЛОВТЫҚТАР ЖАЛПАҚТАЛДЫҢ ТӨРІНДЕЖайма шуақ жаздың жайдарлы күнінде қазталовтық өнерпаздар «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында жалпақталдықтарға керемет кеш сыйлады.


Кеште Мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының орындауындағы әсем әндер шырқалса, «Қарлығаш» халықтық би ансамблінің мың бұралған билері де көрермендерге ұсынылды. Нағыз өнердің құдіретін ұға білген жалпақталдықтардың көтеріңкі көңіл күй сыйлаған аудан өнерпаздарына деген қошеметтері де көбірек болды.
Кеш соңында Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Айбек Керешов, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзинге «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының эстафетасын табыстап, жылы тілегін білдірді.

Жұлдыз АСҚАР
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале