17.10.2016, 10:22
Оқылды: 32

Қазталовтықтар қан тапсырды

%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2%d1%82%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80-%d2%9b%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d0%b0%d0%bf%d1%81%d1%8b%d1%80%d0%b4%d1%8b   "Донор” сөзі латын тілінен аударғанда "тарту, "сыйлау” деген мағынаны білдіреді. Біз қан тапсыру арқылы оған мұқтаж науқас адамның өмірін сақтап қаламыз.


 Жасы 18-ден асқан кез келген дені сау адамның 450,0 мл. көлемінде қан тапсыруы физиологиялық қалыпты жағдай болып саналады. Бұл процесс кезінде қан жоғалту қаупі болмайды. Керісінше, қан тапсыру адам ағзасына оң ықпалын тигізеді: жаңадан қан жасушалары түзіліп, ол адамның иммунитетін арттырады. Сондай-ақ, қан жасау процесі жақсарады, жүрек ауруларының алдын алады, ұйқы безі, бауыр, ас қорыту ауруларына пайдасын тигізеді, қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларының алдын алады. Бұған қоса, қан тапсырған адамның ағзасы қан жоғалтуға төзімді болады.

Осыған орай 13 қазан күні аудандық орталық ауруханада  донорлар қан тапсырды.

Бір күннің ішінде 100-ге тарта донорлар басқалардың денсаулығын сақтау үшін өздерінің  «тартуын»  жасады. Мекемелердің арасында аудандық орталық ауруханасынан 21 донор қан тапсырса, Әжібай ауылы, Қазақтелеком, Қазталов мектебінен донорлар көптеп шықты.

Сонымен қатар «Ауыл айнасы» редакциясының қызметкерлері де қан тапсырып, атсалысты.

Әсем БОЛАТ

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале