3.06.2016, 13:10
Оқылды: 19

Қазталовтық түлектер ҰБТ тапсыруда

Kaztalov YBT    3 маусым күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің базасында аданның мектеп бітіруші түлектері Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыруды бастады. ҰБТ-ның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -мектеп   бітіруші түлектерге сәттілік тілесе, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Батырхан Төлегенов,  - ҰБТ-ның тиісті талаптарын айта келіп, мектеп түлектерінің табысқа жетуіне лебізін білдірді.


    Аудан бойынша 11 сыныпты 422 түлек аяқтап, бүгінгі олардың 282-сі ҰБТ-ға қатысуда.

    Түлектеріміздің 19-ы  «Алтын белгіге» және 5-еуі  «Үздік аттестатқа» үміткер.

www.zhaikpress.kz

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале