10.10.2016, 11:04
Оқылды: 18

Қазталовтың жолдары жөнделіп жатыр

img_5589Aудан аумағында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Соның бір айғағы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен 227 млн 966 мың теңге қаражат бөлініп, аудан орталығындағы және Жалпақтал ауылындағы 4 км ішкі жолдар жөнделіп, қара жамылғы төселмек.
Жөндеу жұмыстары аудан орталығында басталып та кетті. Қазіргі уақытта Қ.Жақыпов көшесі жөнделіп жатыр. Кезекте С.Сейфуллин және Ш.Шарафутдинов көшелері тұр. Жөндеу жұмыстарын "Юнисерв" ЖШС жүргізуде.
                                                                                                         Қайрат ЖАҚЫП

                             www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале