3.08.2016, 11:42
Оқылды: 61

Қазталовқа «Ақбұлақ» келді

таза су «Ақбұлақ»  бағдарламасы аясында Қазталов ауданында тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Қазталов және Нұрсай ауылдарына осы бағдарлама арқылы таза су тарту жұмыстары басталып кетті.


«БатысГазСтрой» ЖШС жүргізіп жатырған жұмыстарға Қазталов ауылы бойынша 61 млн. 74 мың 700 теңге, ал Нұрсай ауылына 61 млн 617 мың 300 теңге қаржы бөлінген. Қазіргі күнде Қазталов ауылының Тәуелсіздік және С.Сейфуллин, Қ.Жақыпов, Б.Момышұлы атындағы көшелеріне құбырлар тартылып, құдықтар орнатылуда.

Ал Нұрсай ауылында «Апандыой» жер асты су бассейінен 11 шақырымдай құбырлар тартылып, ауылға су кіргізу жұмыстары жүруде.құбыр қазу

Сондай-ақ, «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы су тарту жұмыстарына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 адам жұмысқа кірген.

Енді міне, жақын арада қалалықтар секілді қазталовтықтар мен нұрсайлықтар да  үйде отырып-ақ мұздай және ыстық  судың игілігін көретін болады.

Мөлдір Әнуарбекқызы
Қазталов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале