13.01.2016, 23:34
Оқылды: 17

Қазталов аудандық №2 сотының төрағасы есеп берді

Jalpaktalda sot toragasi esep berdi  Қазталов аудандық №2 сотының төрағасы Азамат Бурамбаев өткен жылды қорытындылап баспасөз конференциясын өткізді. Бұл жиынға жергілікті атқарушы органдары, құқық қорғау органдары, БАҚ өкілдері қатысты.


Көрсетілген мерзім ішінде сот өндірісіне 52 қылмыстық іс түскен (2014 жылы-20). Олардың ішінде ҚР ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен 7 іс (адам өміріне қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 107 бабымен 1 іс (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтірілген қылмысты), 115 бабымен 1 іс (қорқыту), 149 бабымен 1 іс (тұрғын үйге басып кіру), 188 бабымен 6 іс (ұрлық), 191 бабымен 2 іс (тонау), 194 бабымен 2 іс (тонау), 200 бабымен 1 іс (автокөлікті айдап кету) және тағы сол сияқты істер, сонымен қатар жеке айыптау бойынша 17 қылмыстық іс қаралған. 33 қылмыстық іс бойынша 34 тұлғаға қатысты үкім шығарылып, 3 қылмыстық іс прокуратураға қайтарылып, 14 қылмыстық іс сотталушы мен жәбірленушінің келісімге келуіне байланысты қысқартылыпты. Соның ішінде 9 іс бойынша медиация тәсілі қолданылыпты. Апелляциялық сатыға 1 қылмыстық іс жолданып, ол бойынша үкім өзгертілген.

2015 жылы сот өндірісінде 160 азаматтық іс болды ( 2014 жылы 173 іс), олардың 159 аяқталып, 1 іс қалдықта қалды, 2 жеке ұйғарым шығарылған. Азаматтық іс бойынша апелляциялық сатыда 5 іс қаралып, барлығы да өзгеріссіз қалдырылған. Медиация тәртібімен 6 іс қаралған. Сонымен қатар өткен жылы 227 әкімшілік іс қаралса (2014 жылы 261), соның ішінде 23 іс бойынша ескерту, 60 іс бойынша айыппұл, 68 іс қамауға алу және 35 іс бойынша арнайы құқығынан айыру жазасы қолданылған. 41 іс қысқартылған. Әкімшілік іс бойынша 7 жеке қаулы қабылданып, қаралған істер бойынша шағым келтірілмеген.

Бұдан басқа №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» және ҚР МО БӘҚАЖ (ЕСЭДО) сияқты жаңа технологияларды ендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Ол бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жолға қойылған. Сот кабинеті қызметі жүйесі арқылы 123 талап арыз БӘҚАЖ (ЕСЭДО) арқылы 130 құжат тіркелген. Талап арыздар мен шағымдар бойынша 31 талон беріліпті. Жиында №2 аудандық сотының төрағасы Азамат Жұмаұлы:

-Біз, судьялар – халықтың қызметшісіміз, халыққа қызмет етіп жатқанымызды ешқашан есімізден шығармаймыз. Біздің ең басты міндетіміз әрі борышымыз – сотқа түскен әрбір арызды, әрбір істі, әрбір шағымды заңды түрде шешу, - деді.

Баспасөз қонференциясын қорытындылау барысында сот төрағасы сот жүйесіндегі жаңа жобалар жөнінде, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар, сонымен қатар 2016 жылғы жұмыс жоспары жөнінде айтты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале