23.08.2016, 16:41
Оқылды: 36

Қазталов ауданында«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында семинар – кеңес өтті.

23 тамыз күні Қазталов орта мектебінде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында семинар – кеңес өтті.IMG_0764

Семинарға   ауданымызға көршілес жатырған Жәнібек, Бөкей Орда аудандарының бөлім,  мекеме-кәсіпорын басшылары және ауданымыздың  ауылдық округтерінің  әкімдері қатысты.

Семинарда  сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, - бүгінгі жиынның басты мақсаты – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың алғышарттары туралы түсінік қалыптастыру, қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу, жүйенің тиімділігін арттыру және  оны жүзеге асыру  болып табылмақ,- деді.

Сондай-ақ семинарда облыстық  денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Күнсұлу Ниярова, облыстық халықты жұмыспен қамту басқармасының  басшысы Мүнара  Қапышева, облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары Жеңіс Беріков және  әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік әріптестікті үйлестіру бөлімінің басшысы Қайырғали Надырғалиев, -  «Міндетті әлеуметтік  медициналық» сақтандыру, зейнеткерлікке енгізілген өзгерістер және «Өрлеу» жобасының тиімділігі жөнінде  хабарлама жасап,  түсінік жұмыстарын  жүргізді.

Сонымен қатар семинарда аталмыш тақырып бойынша сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

 

Әсем Халиуллина

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале