16.11.2015, 20:28
Оқылды: 12

Қазталов ауданында жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алды (Фото)

Kaztalov 02Жол-көлік оқиғасынан жыл сайын қаншама адам өмірден өтіп, қаншама шаңырақты қайғыға әкеліп жатыр десеңізші?! Осындай адам қолымен жасалған бақытсыздықтар ауданымызда да жиі кездесіп қалуда.

Осыған орай 16 қараша күні  аудандық МАИ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандарды   еске алу шарасы оздырылды.

Еске алу шарасына қатысқандар көшелерде  аутошерумен жүріп өтіп, өмір мен өлімнің белгісі ретінде көкке ақ-қара шарлар ұшырды. Соңынан шеруге қатысушылар «Нұрлы бақ» саябағына ағаш көшеттерін отырғызды.

Kaztalov 03

www.zhaikpress.kz

Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале