24.09.2016, 19:27
Оқылды: 18

Қазталов ауданында су мәселесі шешілетін күн жақын

img_4958   Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов аталмыш құрылыс нысандарын аралап, жұмыстардың атқарылуы барысымен жете танысып, бұл жұмыстардың екінші кезеңі аяталғаннан кейін, үшінші кезеңі басталатынын айтып өтті.


   Осы бағытта үшінші кезең жұмыстарының сметалық құжаттары жасалатынын да жеткізді. Үш кезеңнен тұратын бұл жұмыстар аяқталған жағдайда Жайық өзенінен Қараөзенге тікелей су жеткізіледі. Сакрыл су қоймасы да суға толып, Қазталов ауданында су мәселесінің шешілетінін айта кеткен жөн.

 img_4967   Облысымыздың Жаңақала, Қазталов, Жәнібек, Бөкей ордасы сынды оңтүстік аудандары су тапшылығын үнемі сезініп келеді. Бұл көкейкесті мәселені шешу үшін облыс қазіргі таңда Ресейден су сатып алуға мәжбүр
болып отыр.

Сонымен қатар өңір басшысы Чапаев-Қазталов бағытындағы жол салу, жөндеу жұмыстарымен танысып өтті.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале