22.12.2015, 22:01
Оқылды: 16

«Қазталов ауданының құрметті азаматы» атағы қадірменді қария Шәріп Хайруллинге берілді

Kaztalovka akim kabildadi   Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, дербес зейнеткер, ауылымыздың құрметі азаматы Шәріп Хайруллинді қабылдады.

«Қазталов ауданының құрметті азаматы» атағы Жаңа жыл қарсаңында Жалпақтал ауылының тумасы, саналы ғұмырын туған ел мен жерге қызмет етуге арнаған қадірменді қария Шәріп Хайруллинге берілді.


 

Құрметті атақтың төсбелгісі мен куәлігін аудан басшысы Нұрлан Бекқайыр ауданның құрметті азаматы атағын бере отырып, еңбек ардагерінің ұзақ жылғы жемісті еңбегін атап өтіп, болашағына зор табыстар мен денсаулық, жанұясына бақыт тіледі.

Бүгінде сексеннің сегізіне келген Шәріп Хайроллаұлының өмір жолы, тіршілік тынысы ауданмен тығыз байланыста болды. Ол аудан экономикасының өсіп-өркендеуіне, кең қанат жаюына зор еңбек сіңірді.

Талай жылғы еңбегінің еленгеніне Шәріп ақсақалдың өзі де ерекше қуанып қалды

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале