7.07.2016, 11:17
Оқылды: 29

Қазталов ауданының әкімі ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты

Kaztalov auildardin tinis   Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың ауданымызға қарасты кіші елді мекендерге жұмыс сапары жалғасты.

   Жұмыс сапары барысында Тереңкөл ауылдық округіне қарайтын Беспішен, Мереке және Қошанкөл ауылдық округінің Ордабай ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.


 Кездесулерде ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі тұрғындарды айт мерекелерімен құттықтап, биылғы жылы округтерде жасалып жатырған игі істерге тоқталып өтті.

  Сонымен қатар округ әкімдері Жүсіп Қайыров пен Аязбай Шамұратовтардың 6 ай қортындысы бойынша округтерде атқарылған жұмыстардан қысқаша есебі тыңдалып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауаптар берілді.

   Осы жұмыс сапары кезінде аудан басшысы Тереңкөл ауылдық округінің орталығындағы күрделі жөндеуден өтіп жатырған мектептің жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

www.zhaikpress.kz

Қарат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале