16.11.2016, 11:42
Оқылды: 24

Қазталов ауданының әкімі ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті

%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%be%d0%b2-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b-%d0%b0   Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Кенжин Көктерек ауылдық округіне қарасты Саралжын (Киров), Көктерек және Қарасу ауылдық округінің Жұлдыз, Қарасу ауылдарында болып, әлеуметтік нысандардың жөндеу және қысқа дайындық жұмыстарымен танысты.

Саралжын (Киров) ауылындағы клуб 1959 жылы салынғаннан бері жөндеу көрмеген. Бұрынғы мектеп ғимараты 2011 жылдан бастап ауылдық клуб болып жұмыс жасап келеді.


Қабырғалары құлап тұрған бұл мекемені жөндеу үшін биыл аудандық бюджеттен 3 миллион теңге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда жөндеу жүргізетін мердігер де анықталып, «Темірлан» ЖК жұмыстарын бастап жатыр. Ғимараттың қабырғасы кері қаланып, төбесі, терезелері, есіктері ауыстырылатын болады.

Клубтың жәй-күйімен танысқан аудан әкімі жөндеу жұмыстарының сапалы болып, уақытында аяқталуын талап етті.

Сондай-ақ Саралжын, Көктерек ауылдық округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, бірқатар мекеме қызметкерлерімен кездесті.

Жұлдыз ауылында аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы жөндеуден өткен мәдениет үйін аралап көріп, өзен суының жағдайымен танысты. Сондай-ақ ауылға көгілдір отын жүргізілуге байланысты жасалып жатырған жобалау жұмыстарында әлеуметтік нысандардың бәрінің бірдей қамтылуы қажет екенін де ескертті.

Ал Қарасу ауылында тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізіп, оларды толғандырып жүрген мәселелерін тыңдады.

Мөлдір Төлекенова

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале