9.08.2016, 17:14
Оқылды: 30

Қазталов ауданының әкімі журналистер алдында баспасөз маслихатын өткізді

Брифинг Казталов Бүгін «Қазақстан – Орал» телеарнасының баспасөз орталығында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО филиалының ұйымдастыруымен Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр журналистер алдында баспасөз маслихатын өткізді.


    Әкімнің айтуынша, бір аумақта біріккен екі ауданның өмір тынысында  іркілуден гөрі ілгерілеу басым.

  Атап айтқанда, халықтың экономикалық белсенділігі алдыңғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым артты. Мәселен, ауданда 575 шаруа қожалығы, 5 ЖШС бар. Былтыр 1 өндірістік кооператив құрылса, биыл оның саны 13-ке жетті. Нәтижесінде биылғы жылдың І жартыжылдығын есептегенде, аудан бюджетінің кірісі 489991 теңгені құрайды немесе 134 пайыз. Мал шаруашылығы да жақсы дамып отыр. Қазір ауданның үлкен күрделі мәселесі - Жайықтың суын Қараөзенге жеткізу. Қазір оның бірінші кезеңі аяқталды. Мақсат - Қараөзен бойынан үлкен бөгет салып, су қоймасын жасау. Бұдан соң Сарыөзенді тиімді пайдалану мәселесі алға шығады.  Ауданда "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша облыс басшысының тікелей араласуымен кейбір ауылдарға су жеткізілуі тиіс.

     Қазір ауылдардың тек 44 пайызы газдандырылған, әлі де 29 елді мекен көгілдір отынды күтіп отыр. Бірінші кезекте Талдыапан аулына жеткізілуі керек.

    Әкім сондай-ақ жол салу, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт жөнінде бірталай мәліметтер келтірді. Жалпы, аудан тұрғындарының жеке экономикалық белсенділігі мен бастамасы айрықша атап өтерліктей. Жеке адамдардың қаржысына бір ауылда монша, екінші ауылда дәмхана ашылды. Екі ауылда мешіт салынып, мүміндердің игілігіне берілді.

   Баспасөз маслихаты соңында аудан әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді.

         www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале