6.06.2016, 15:28
Оқылды: 16

Қазталов ауданы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш – 123 балл

Kaztalov ubt 2    3 маусым күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде түлектердің Ұлттық Бірыңғай Тестілеуі өтті.

    Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге аудан бойынша 282 түлек қатысты.



«Алтын белгіге» үміткер 19-ның 5-і  үмітті ақтады. Олар – К.Меңдәлиев мектебінен Сержан Хамидуллин – 123 балл; Қоныс орта мектебінен Данагүл Айтқалиева – 113 балл; Жаңажол орта мектебінен Еркебұлан Ғилманов – 104 балл; Қазталов орта мектебінен Римма Нұржанова – 112 балл, Ғ.Молдашев мектебінен Ғилым Бақытжан – 111 балл.

    «Алтын белгіден» үміткерлер 19-дың 4-уі «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Ал,  «Үздік аттестатқа» үміткер 5-інің 1-уі қорғап, аудан бойынша барлығы 5 түлек  «Үздік аттестат» иегерлері атанды.

    Аудан бойынша ҰБТ-ның орташа көрсеткіші – 78,83 пайызды құрады. Сондай-ақ К.Меңдәлиев мектебі – 95,38 пайыз, Талдыапан мектебі – 89,39 пайыз, Ғ.Қараш мектеп-гимназиясы – 87,47 пайыз көрсеткішті құрап, көш бастады.

www.zhaikpress.kz

ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫ
Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале