23.09.2015, 17:04
Оқылды: 19

Қазталов ауданы жастарының форумы өтті

Kaztalov biz janbasak lapildap  Елбасының жастар мәселесін үнемі назарда ұстау нәтижесінде жастарға барлық есік ашық деуге болады. Бүгінгі күнде жастар араласпайтын сала жоқ. Әсіресе, ауыл жастары өздерінің туған ауылының көркеюі жолында аянбай қызмет істеуде.

Осыған орай 23 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» атты Қазталов ауданы жастарының форумы өтті.

Жастар форумы Қараөзен мектеп-лицейінің жас ұстазы Медет Жанболатовтың домбыраға қосылып орындаған «Жастарға арнауымен» басталды. Бұдан кейін жастар алдында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр сөз алды.

Жастар форумының өту барысында тренинг өткізіліп, қатысушылардың жастар бас қосуына деген қызығушылығын одан сайын арттыра түсті. Жастардың форумы «Атамекен» әнін қосыла айтумен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале