3.02.2016, 15:34
Оқылды: 24

Қазталов ауданы әкімінің атқарған жұмыстарына оң баға берілді

 Kaztalov esep01  Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазталов ауданына іссапармен келді. Бұл күні аудандық мәдениет үйінде халық жиыны өтіп, онда аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жыл ішінде атқарылған жұмыстардан есеп берді. Халық жиынына қатысқан өңір басшысы ауданда атқарылып жатқан істерге оң баға бере келіп, алда тұрған міндеттерге тоқталып, сөз сөйледі. Облыс әкімінің келген іссапарында облыстың бірқатар департамент және басқарма басшылары бірге болды.


- 2015 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады.

Kaztalov esep02

Өткен мерзім ішінде өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі 359,6 млн. теңге, негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2 млрд. 967 млн. теңгені құрады.  Өткен жылы  аудан бюджетінің кіріс бөлігі 4 млрд. 355 млн. 273 мың теңгені құрап, жоспар 104  пайызға игерілді. Салықтық және салықтық емес түсімдері бойынша өз табысымыз 951 млн.  586 мың теңгені құрап, 121 пайызға орындалса, трансферт түсімдері – 3 млрд. 279 млн. теңгені құрап, жоспар 100 пайыз орындалды. Ағымдағы жылдың бюджеті 4 млрд. 651 млн. теңге көлемінде бекітіліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 11 пайызға өсіп отыр.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша өткен жылы ауданға бөлінген 34 млн. 282 мың теңге қаражатқа елді-мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылдың бюджетінде осы бағдарлама бойынша 28 млн. 446 мың теңге қаражат қаралып отыр. –деді, аудан әкімі өзінің баяндамасында.

Халық жиынында сөз алған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, -Құрметті аудан тұрғындары! Өткен жылымызды лайықты табыстармен аяқтадық. Түрлі тарихи оқиғаларды атап өте отырып, өткенімізге көз жібердік, -деді.

Жалпы Қазталов ауданында соңғы жылдары бірлік пен өзара келісім нәтижесінде көптеген істер атқарылып жатыр. Аудан әкімі Нұрлан Мағазұлының елді біріктіріп, жұмыстар атқарып жатқанына мен оң баға беремін. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар жүреді деп санаймын, -деп аяқтады облыс әкімі өз сөзін.

Халық жиынына қатысушылар елдегі атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, жарқын көңілмен тарады.

www.zhaikpress.kz

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале