15.04.2016, 16:51
Оқылды: 31

Қазталов ауданы әкімі ауылдарды аралады

????????????????????????????????????

     Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайырдың іссапары 14 сәуір күні Жаңажол, Қараөзен, Талдыапан ауылдық округтерінің Бейістерек, Қайшақұдық, Талдыапан, Қособа елді мекендерінде тұрғындармен кездесуі өз жалғасын тапты.


     Кездесу барысында ауылдас ағайындардың ұсыныс, пікірлерін тыңдаған аудан басшысы Нұрлан Бекқайыр ауданда істелінген, округтерде істелініп жатқан жұмыстар жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар аудан әкімі Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ауылда пайдалы істер істеу қажет екенін айтты. Мұның ішінде шаруа қожалықтардың, тұрғындардың бірігуінің арқасында асар әдісімен ауылға қажетті пайдалы істер салынса деген өзінің ой білдірді.

     Кездесу соңында тұрғындардың қойған сауалдарына аудан басшысы Нұрлан Бекқайыр нақты жауаптар қайтарды. Аудан басшысымен жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлыбай Жолдыбайұлы, округ әкімдері Арман Алдабергенов, Бауыржан Қабдолұлы, Асқар Есқалиев бірге болды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале