22.12.2015, 21:23
Оқылды: 19

Қазталов ауданы әкімі мекеме басшылармен кездесті

Kaztalov akim mekeme bashilari   Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылдық округінің әкімі аппаратында мұндағы мекеме басшылармен кездесті.

Қыстың көзі - қырау, ол кімге болса да сын. Демек, дайындықты тиянақтап күз мезгілінде әзірлік жайы жиі қозғалды. Өткен аптада қарлы боран ауылдас ағайындарды бір күн ішінде әбігерге салып, тосын мінез көрсетті.


-Биылғы қыс мезгілі қатал, боранды болады деген болжам бар. Сондықтан да біз әрбір ісімізге дайын болып, бақылауда ұстауымыз қажет. Табиғаттың тосын мінезінен туындайтын түрлі апаттардың алдын алу мақсатында қол қусырып отырмауымыз керек. Ең алдыменен автожолдарды, газ, электр желілерін, жылыту қазандықтарын қатаң бақылауда ұстауымыз қажет,-деді аудан басшысы.

Осы кездесуде «Балдәурен» бөбекжайының меңгерушісі Мәнзия Мұқасқызы кешегі қарлы боранда төбесінің шатырын ұшырып алып екеткендігін айтып, төбеден еріген қар, жаңбыр кетіп тұрғандығын сөз етті. Ал кездесуге қатысқан ақсақалдар ауызсу мәселесін тағы да қозғады. Мекеме басшысы Аянбек Темірхановтың айтуынша су қондырғыларының ескіргендігін жеткізіп, күні бүгін 7,5 тонна суды ауылға айдап тұрғандығын айтты. Мекеме басшыларының ұсыныс пікірлерін тыңдаған аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы кездесуді қорытындылап, барша ауылдастарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале