8.07.2016, 9:11
Оқылды: 18

Қазталов ауданы әкімі тұрғындарды қабылдады

тұрғындарды қабылдады7 шілде күні Қазталов аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, жекелеген сұрақтар бойынша ауыл тұрғындарын қабылдады.


Қабылдау кезінде жұмыс мәселесі бойынша Флора Сағындықова, Аманғали Ғиниятов, ІІ топ мүгедегі Мереке Урахаев сынды тұрғындар көмек сұрай келді. Сонымен қатар Нұргүл Кәрімқызы немересінің балабақша кезегінде тұрған кезегі жылжымайтынын тілге тиек етті.

-Бұған дейінде қабылдауға келген тұрғындар көбіне жұмыс сұрап келген болатын. Күні бүгін ауылымызда әзір тұрған жұмыс орындары жоқ. Бірақта мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуге, жұмысқа орналастыруға қолдан келгенше көмегімізді көрсетеміз,-деген аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Жүсіп Шакуовпен округ әкімі Самиғола Сафиоллаұлына Мереке Урахаевты тұрақты жұмыс табылғанша уақытша қоғамдық жұмысқа алуды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бекітілген кесте бойынша, әр айдың үшінші жұмасы күні аудан әкімі Жалпақтал ауылында болып, тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізеді.

www.zhaikpress.kz
Тұрарбек АҚМУРЗИН
Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале