12.08.2016, 12:31
Оқылды: 19

Қазталов ауылында қайрақпен басынан соққы алған жәбірленуші ауруханада қайтыс болған

  11 тамыз күні Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Қайырбеков баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында сот төрағасы аудан аумағында болған ауыр қылмыстық оқиға туралы қысқаша хабарлады. Сот төрағасының айтуынша,- Казталов ауылының тұрғыны Е. арақ ішкен мас күйінде ауылдасы М.-ны қолына түскен  қайрақпен басынан бірнеше қайтара соққы жасап, ауыр дене жарақатын келтіріп, оны сұлық түсіреді.

Бұдан әрі айыпталушы Е. қылмыстық ойын жасыру мақсатында жәбірленуші өзі құлап цемент плитаға басын соқты деп айту үшін ессіз жатырған М.-ны сарайдың есігі алдына сүйреп шығарып, жатқызып кетіп,  өзі оқиға болған жерден бой тасалаған. Алған ауыр дене жарақаттарынан М. есіне келмей ауруханада қайтыс болады.

Тергеу амалдарының жүргізілуі нәтижесінде айыпталушы кінәсін толық мойындады.

Қазталов аудандық соты Е.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен  (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қылмыстық істі қарап Е. ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен  айыпты деп танып, осы  баппен 9 (тоғыз) жыл мерзімге бас бостандығынан айырды және жазасын өтеу жалпы режимдегі түзеу колониясында тағайындалды,- деді.

Жалпы ішімдікке  салынудың арты қайғы-қасіретке душар қылып жатады. Әсіресе, бұндай жағдайлар жастар арасында да, тіпті ақыл ойын тоқтатқан адамдар арасында да кездесуде. Бір ғана берілетін адам өмірі осындай қасіреттерден аулақ болса екен дейміз.

Әсем Болат

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале