7.07.2015, 10:25
Оқылды: 31

«ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сынақ тапсырды

Jalpaktal kaztest   Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында Ақжайық, Қазталов, Жәнеібек, Бөкей Орда, Жаңақала аудандарының ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілері «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сынақ тапсырды.

Жылда өткізілетін тестілеудің мақсаты – қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау және талапқа сәйкес сертификаттау. Мемлекеттік тілді қаншалықты жете меңгергендіктерін бұл күні 400 адам сынауда. Байқауды Республикалық Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығының мамандары Сұлтанбек Қабылов, жетекші сарапшысы Ұлжан Садықова, Батыс Қазақұстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Жомарт Ерназаров және мамандары өткізді. Тестілеу екі кезеңмен жүргізілуде: диагностикалық және сертификаттық. 150 тапсырманы орындауға 150 минут беріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша емтихан тапсырудың нәтижесінде елімізде қазақ тілін меңгерген ересек азаматтардың үлесі 2017 жылға қарай 80 пайыз, ал, 2020 жылға қарай 95 пайызға дейін жетуі тиіс.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақталауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале